«Ұлттық қор – балаларға»: төлемді 18 жасқа толған қанша қазақстандық алды?
Олар 100 доллардан алған
Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа толған 304 мыңнан аса қазақстандық тиісті төлемді алды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, аталған жоба аясында 6,9 млн балаға 100,52 доллар аударылған.
Бүгінде Ұлттық қордың табысы 1,3 млрд доллар болды. Оның 695 млн доллары қайта бөлінді. 2024 жылы 304 мың 815 бала 18 жасқа толды. 1 наурызда оларға 30 млн 640 мың доллар бөлініп, тиісті ақшасын алды. Ұлттық қордың кірістілігі қалай өссе, балаларға төленетін төлемдер де өседі. Мемлекет басшысы (Ұлттық қордағы қаржыны) 100 млрд долларға жеткізу туралы тапсырма берген. (Қаржы осы сомаға жетсе) пайыздар әлдеқайда жоғары болады. Бүгінде (Ұлттық қорда) 60 млрд доллар бар, - деді Мәди Такиев Үкімет отырысынан соң.
Журналист «Ұлттық қордан балаларға аударылатын төлемнің жоғарғы шегі қанша болады?» деп сұрағын нақтылады.
«(Балаларға) мәңгі 100,52 доллар аударылмайды. Қазір жоғары шекті айта алмаймын. Себебі мен көріпкел емеспін. Бірақ біз төлем жоғары болады деген үміттеміз», - деді Қаржы министрі.