Halyq Uni логотип
×

Мобильді аударымдарды тексеру: жеке кәсіпкерлер көлеңкеден шыға бастаған

Биыл 2 айда 145 мың қазақстандық жеке кәсіпкер болып тіркелген

 Дәурен Ерболат 19.03.2024 | 13:40
Мобильді аударымдарды тексеру: жеке кәсіпкерлер көлеңкеден шыға бастаған
фото: Halyq Uni

Қаржы министрі Мәди Такиев мобильді аударымдарды тексерген соң жеке кәсіпкерлер көлеңкеден шыға бастағанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мобильді аударымдарға тоқталайын. Бүгінде екі критерийді пайдаланып жатырмыз: 100 мобильді аударым, 3 айда аударылған сома. Қазір үшінші критерийді талқылап жатырмыз. (Мобильді аударым арқылы) 255 мың теңге аударылса, бұл бағытта банктермен тиісті жұмысты жүргіздік, - деді Мәди Такиев Үкімет отырысынан соң.

Нәтижесінде жеке кәсіпкерлер көлеңкеден шыға бастаған.

«Бүгінде адамдар мобильді төлемге қайта көше бастады. Биыл қаңтарда шамамен 75 мың, ал ақпанда шамамен 70 жеке кәсіпкер тіркелді. Қазір көлеңде жұмыс істеген адамдар қызметін заңдастырып жатыр. Бұл бағытта жұмыс жалғасады», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама