Halyq Uni логотип
×

Үш айда көпбалалы отбасыларға 77,1 млрд теңге жәрдемақы берілді

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді

 Динара Амантай 19.03.2024 | 10:06
Үш айда көпбалалы отбасыларға 77,1 млрд теңге жәрдемақы берілді
Фото: Halyq Uni

Үш айда көпбалалы отбасыларға 77,1 млрд теңге жәрдемақы берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 574,5 мың отбасы жалпы көлемі 77,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде ақпан айында 577,3 мың отбасыға 39 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыға – 16,03 АЕК немесе 59 мың 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 мың 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 мың 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 мың 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 мың 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7% артқан.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама