Шымкентте мемлекетке 1 млрд теңгеден астам залал келтірген азамат бас бостандығынан айырылды

Халық үні

Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды

көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Шымкентте салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына «Мейір құрылыс», «Тыныштық 2018», «Элит Капитель», «МАГМА-2018», «Ашимов и Ко», «A L A T A U K», «S-Industry», «БЕС ҚАСҚА», «ЖОРҒА 2019», «ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020», «Eхcellent», «УГАМ 2018», «005», «Эверест К» ЖШС 14 кәсіпорынды тіркеген.

Аталған кәсіпорындар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында емес, контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған.

Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген.

А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.