Ауыл шаруашылығын субсидиялау бойынша 18 адам күдікті деп танылды

Халық үні

14 адам қамауға алынды

фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы» азаматтық форумы аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.

Агенттік басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріндегі жұртшылықтың рөлі туралы айтып берді.

Атап айтқанда, ол сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесін жетілдіру туралы, сарапшылар ретінде азаматтық қоғам өкілдері шығатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтының жұмысы туралы, бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын енгізу және квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтерді енгізу туралы атап өтті.

Агенттік сыбайлас жемқорлықты жеке дара жеңе алмайтынын түсіну маңызды. Барлық азаматтық қоғамды белсенді тарту қажет. Сондықтан қоғамдық белсенділік алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеу кезінде ерекше маңызға ие болды, - деді М. Ахметжанов.

Тұжырымдаманы әзірлеуге бей-жай қарамайтын азаматтар мен ҮЕҰ өкілдерінің белсенді қатысуымен дайындалғанын атап өткен жөн.

Қазір тұжырымдама парасатты қоғамды қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмауға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын, бюджеттік процестердің транспаренттілігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге бағытталған 6 негізгі блокты көздейді, - деп атап өтті агенттік төрағасы.

Агенттік төрағасы қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық схемалар мен жасырын ұрлықтарды ашуға баса назар аударғанын, бұл ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 қылмыстық істі тіркеді. 18 адам күдікті деп танылды. Оның 14-і қамауда. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, - деді Марат Ахметжанов.