×

Елімізде депозиттер көлемі 643 млрд теңгеге азайып кеткен

Ең аз ақша түркістандық депозиттерде сақталған

 Еркеғали Болатұлы 31.05.2022 | 10:02
фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір елімізде ақшаны депозитте сақтайтындар азайып, жалпы депозиттер көлемі 643 млрд теңгеге төмендеген.

Мысалы, осы жылдың басында жинақтарда 16,4 трлн теңге болса, 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл сома 15,7 трлн теңгеге дейін азайған. Жинақ көлемі бойынша 1-орында (6,6 трлн теңге) Алматы тұрғындары тұр. Ал елордалықтардың депозитінде 3,2 трлн теңге сақталған. Одан кейінгі орынға 785 млрд теңге жинағы бар Қарағанды облысы орналасты.

Ал ең аз ақша түркістандық депозиттерде сақталған. Салымдардың басым бөлігі ұлттық валютада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама