Қызылорда облысында спорт басқармасының басшысына 5 млн теңге айыппұл салынды
Қызылорда облысында спорт саласының лауазымды тұлғалары тексерушіге пара бергені үшін сотталды.
2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осы үкіммен олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің бес бірдей директоры - Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаевқа 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұл салынды.
Жоғарыда аталған барлық тұлға облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 17 ақпанда белгілі қазақстандық спортшы Илья Ильин туған ағасы Алексей Ильин қамауға алынды.