Екібастұз әкімдігі арзан жерді 10 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Динара Амантай

Екі жер учаскесінің нақты құны – 126 млн теңге

Фото: Halyq Uni

Павлодар облысының прокуратурасы МАЭС-3 құрылысына арналған жерлерді сатып алуға бөлінген 1 миллиардтан астам бюджет қаражатының шығындалуына жол бермеді.

Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 гектар және 5 гектар екі учаскеге бағалау жүргізген. Алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған.

Салдарынан нақты құны 126 млн теңге болатын екі учаске бюджетке 1 млрд 1 млн 197 мың 999 теңге шығын келтіре жаздады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарылып, учаскелердің меншік иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер жойылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды.