Биыл қарамағындағы қызметкердің жемқорлығы үшін үш шенеунік отставкаға кеткен

Алиакпар Қадырбаев

Бес саяси мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылған

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров жемқорлыққа ұрынға қарамағындағы қызметкері үшін неше шенеунік жазаланғанын айтты.

Мемлекеттік орган басшылары жемқорлыққа ұрынғаны қол астындағы қызметкер үшін жауапкершілік арқалайтын заңнамалық талап 2019 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Содан бері қарамағындағылардың жемқорлық қылмысы үшін 264 мемлекеттік қызметші жазаланған.

2021 жылдың 9 айында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін тоғыз саяси мемлекеттік қызметші отставка туралы өтініш түсірді. Үш жағдайда отставка қабылданып, алты жағдайда қабылданбады. Отставка туралы өтініші қабылданбаған алты жағдайдың бесеуінде саяси мемлекеттік қызметкерлер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.