Жетісу облысының мектептерінде тамақтануға 20 млн теңге негізсіз төленген

Динара Амантай

Прокуратура залалды өтеу туралы қадағалау актілерін енгізді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Прокурорлар жергілікті мектептерде тамақтану үшін жеткізушілерге жалпы көлемі 20 миллион теңгеден асатын қаржыны негізсіз төлеу фактілерін анықтаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын. Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндерде ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ұқсас бұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.

Осы анықталған бұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.