Алматыда «Слово пацана» сериалының актерімен бір суретке түсу – 48 мың теңге
Ол Қазақстанда фан-кездесу ұйымдастырып, кештің билеттерін сата бастаған
Еркеғали Болатұлы
10.03.2024 | 13:00
«Слово пацана» телехикаясында Мараттың рөлін сомдаған Рузиль Минекаев қазақстандық жанкүйерлерімен ақылы кездесу өткізбек. Бұл туралы Kp.ru хабарлады.
Бұл ретте Рузиль Минекаев Қазақстанда фан-кездесу ұйымдастырып, кештің билеттерін сата бастаған.
- Онымен кездесіп, тілдесу құны – 5 200 рубль немесе 25 500 теңге шамасында;
- Фотоға түсу үшін ұйымдастырушылар 9 800 рубль немесе 48 200 теңге талап еткен.
Басылым дерегінше, Алматыдағы фан-кездесу 3 сағатқа созылады деп жоспарланған.