Қазақстанда банктерге салық жүктемесі артуы мүмкін
Қазақстанда екінші деңгейлі банктерге салық жүктемесін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сенат кулуарында министрдің орынбасарына «Салық заңнамасындағы өзгерістер халыққа ауыр тимей ме?» деген сұрақ қойылды.
Ержан Біржанов ірі салық төлеушілерге жүктеме артатынын жеткізді.
«Жер қойнауын пайдаланушылармен, мұнай саласындағы салық төлеушілермен жұмыс істеуді, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді қарастырудамыз. Өйткені екінші деңгейлі банктер тарапынан түскен салық көлемі төмен. 21 банк тек 600 млрд теңге (салық) төлеп отыр. Қаржы министрлігі банк саласына салықты ұлғайтуды ұсынды», - деді вице-министр.
Ержан Біржанов қазір министрлік мәселені пысықтап жатқанын, тиісті норма дайын болған соң Парламент қарауына жіберілетінін айтты.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің жағдайын жақсарту керек. Жаңа Салық кодексі аясында инвестиция салатын және жаңа кәсіпорын ашатындарға жағдай жасау маңызды, - деді Ержан Біржанов.