Halyq Uni логотип
×

Қайрат Сатыбалдыдан қазірге дейін 732,8 млрд теңгенің активі қайтарылды – Антикор

Назарбаевтың немере інісі 6 жылға сотталған 

 Халық үні 06.03.2024 | 14:08
Қайрат Сатыбалдыдан қазірге дейін 732,8 млрд теңгенің активі қайтарылды – Антикор
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қайрат Сатыбалдыдан қазірге дейін 732,8 млрд теңгенің активі қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлады. 

Активтерді қайтаруға келсек, 2022 жылдан бері 1 трлн теңгеден астам сома қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі тергеу аясында қайтарылған, - деді Тілеубеков брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың ақпанында Қайрат Сатыбалдыдан бюджетке тағы да 82,6 миллиард теңге түскені белгілі болды.

2022 жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің екі бабы «алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылған болатын. Ол процесс барысында тағылған айыпты мойындады.

Сондай-ақ Сатыбалды 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ол «Құрмет» пен «Парасат» ордендерінен айырылды.

Ол жазасын Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясында өтеп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама