×

Ел тұрғындарының зейнетақы жинақтары 40 млрд теңгеге азайып қалған

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 10,9 млн.

 Еркеғали Болатұлы 30.05.2022 | 16:03
фото: zeket.online

Ұлттық банктің мәліметінше, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сәуір айында 0,3 пайызға, яғни 40 млрд теңгеге азайып, 12 939,5 млрд теңгені құраған.

2022 жылғы сәуірде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 170,1 млрд теңгеге, ал 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 033,2 млрд теңгеге дейін азайды, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ын ескере отырып) 10,9 млн.

2022 жылдың сәуір айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 34,6 млрд теңгеге жеткен.

Ал 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Мемлекеттік бағалы қағаздар мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 41,2 пайызы және 22,5 пайызы) алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама