Ел тұрғындарының зейнетақы жинақтары 40 млрд теңгеге азайып қалған
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 10,9 млн.
Ұлттық банктің мәліметінше, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сәуір айында 0,3 пайызға, яғни 40 млрд теңгеге азайып, 12 939,5 млрд теңгені құраған.
2022 жылғы сәуірде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза табыс 170,1 млрд теңгеге, ал 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 033,2 млрд теңгеге дейін азайды, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ын ескере отырып) – 10,9 млн.
2022 жылдың сәуір айында зейнетақы төлемдерінің сомасы 34,6 млрд теңгеге жеткен.
Ал 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Мемлекеттік бағалы қағаздар мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 41,2 пайызы және 22,5 пайызы) алады.