Көлік салығын төлемегендерден 4 млн теңге берешек өндірілді
Бұл тек бір өңірдегі көрсеткіш
Бір апта ішінде рейдтік іс-шаралар кезінде көлік салығы бойынша 4 млн теңгеден астам берешек өндіріп алынды, деп хабарлайды Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаменті.
«23-27 мамыр аралығында Қостанай облысының мемлекеттік кірістер органдары әділет, полиция департаменттері өкілдерімен, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, 23 борышкерден 3,8 млн теңге берешекті өндіріп алды. Екі автокөлікті тәркілеп, мамандандырылған тұраққа жеткізді», – дейді департамент.
Борышкерлер көліктерін жол қозғалысы ағынында анықтау үшін «Автоураган» және EkinPatrolG2 жүйелеріне автокөліктердің нөмірлері енгізілді. Осылайша, 1 млн теңгеден астам берешегі бар Мерседес көлігінің иесі ұсталды. Төлем толық жасалды.