Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында аудан әкімдігі 479 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде конкурс бұзылды

 Динара Амантай 29.02.2024 | 15:53
Жамбыл облысында аудан әкімдігі 479 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған
Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысының прокурорлары 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қордай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органмен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында құны 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын дұрыс анықтамау фактісін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды. Нәтижесінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алды алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама