×

Жетісу облысында тұрғындар коммуналдық төлемдерді 2 есе, кей жерде 10 есе қымбат төлеп келген

100 мыңнан аса тұтынушының мүддесі қорғалды

 Динара Амантай 29.02.2024 | 09:34
Коллаж: Halyq Uni

Табиғатты қорғау прокуратурасының шараларымен облыстың 5 ауданында (Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласы) коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокурорлар уәкілетті органдардың 3 жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа бекітуге тарифтер ұсынбағанын анықтады. Қызмет көрсететін компаниялар тарифті өз бетінше белгілеп, оның құнын 1 текше метрге 1 мың 500 теңгеден 5 мың теңгеге дейін қойған.

Қадағалау актісі бойынша аталған аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді. Бұл қызмет ақысын 2 есе, ал кейбір жағдайда 10 есе төмендетуге мүмкіндік берді. 100 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 6 мың заңды тұлғаның мүддесі қорғалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың басқа да аудандарында (Алакөл, Кербұлақ және Сарқан аудандары) жалғасын табады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама