Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында 54 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған балабақша қызметкері сотталды

Залал сомасының бір бөлігі – 18 млн теңге өтелді

 Халық үні 27.12.2021 | 12:37
Жамбыл облысында 54 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған балабақша қызметкері сотталды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы қызметкерінің бюджет қаражат жымқыру фактісін анықтады.

Тергеу барысында балабақшаның бюджеті бойынша жауапты қызметкер Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында «Қазақстан Халық банкі» АҚ өзінің карточкалық шотына заңсыз ақша аудару арқылы жалпы сомасы 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Сот шешімімен Д. Әбибуллаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Кінәліден 18 млн теңге мөлшеріндегі залал сомасының бір бөлігі өтелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама