Қазақстанда миллиондаған теңге жалақы алатын мамандар белгілі болды
Сауда компаниясының басқарма төрағасының айлығы – 5,8 млн теңге
Қазақстанда бірнеше салада жалдамалы жұмысшылар 1 миллион теңгеден артық жалақы алады, деп хабарлады Finprom.kz.
2023 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың 6 саласында жоғары жалақы тіркелген.
Олар:
- теңіз жүк тасымалы;
- қаржы және сақтандыру қызметі;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- әуе тасымалы;
- сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;
- бас компания мен басқару бойынша кеңес беру.
Мәселен, былтыр соңғы 4 айдың ішінде әлеуметтік сақтандыру саласында жалақының көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.
Ал миллиондап ақша алатын мамандықтардың ішінде:
- сауда компаниясының басқарма төрағасы (5,8 млн);
- тасымалдау саласындағы инженер (5 млн);
- қаржы және сақтандыру компаниясының атқарушы директоры (4,8 млн);
- құрылыс саласындағы коммерциялық директор (4,7 млн);
- әуе көлігі мен халықаралық қатынастар бойынша маман (4,5 млн);
- мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) бар.
Ең жоғары жалақы мұнай саласында тіркелген. Мәселен, мұнай өндіру компаниясының корпоративті хатшысы айына 2,2 млн теңге алады.
Бұдан бөлек,
- ауызекі тілдің аудармашысы (1,8 млн);
- диспетчер-оператор (2 млн);
- маркетолог (1,5 млн);
- сауда агенті (1,3 млн) жоғары жалақы алады.
Олардың айлығы министрлермен бірдей болды. 2023 жылдың соңында министрлердің жалақысы 1,4 млн теңге, ал облыстық маңызы бар қала басшылары 928,9 мың теңге алған.