Ақмола облысында аудан әкімдігі 730 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Динара Амантай

Прокуратура кәсіпкерлердің ашық конкурсқа бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етті

Фото: Halyq Uni

Ақмола облысы Шортанды ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларын сақтау бойынша талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жергілікті атқарушы органының мемлекеттік сатып алуының жылдық жоспарында блок-модульдік қазандықты бәсекелестік емес жолмен, яғни бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы сатып алуды көздегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған сатып алудың күші жойылып, жыл сайынғы жоспарға ашық конкурс арқылы сатып алуды ұйымдастыру бойынша өзгерістер енгізілді.

Осылайша, аудан прокуратурасының қабылданған шараларымен 730 млн теңге болтын заңсыз сатып алудың алды алынып, кәсіпкерлердің ашық конкурсқа бәсекеге қабілеттілігі қамтамасыз етілді.