Halyq Uni логотип
×

Елордадағы автобустарда жолақы төлеудің тағы бір тәсілі қолданылады

Төлем Avtobys қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген болса) алынады

 Еркеғали Болатұлы 22.02.2024 | 17:03
Елордадағы автобустарда жолақы төлеудің тағы бір тәсілі қолданылады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Avtobys мобильді қосымшасымен жолақыны автобустың борт (гараждық) нөмірі арқылы төлеуге болады. Астана қаласының әкімдігі бұл тәсіл несімен ыңғайлы екенін түсіндірді.

Сонымен:

  • QR-кодты сканерлемей-ақ, қашықтан көлік кодын енгізу арқылы төлем жасау;
  • Жақындарыңыздың Сіз үшін қашықтан төлем жасап беру мүмкіндігі бар, яғни ол үшін көлік кодын айтсаңыз болды;
  • Жақындарыңыз төлем жасап, Сізге электронды билетті мессенджер арқылы жібере алады.

Автобустың борт нөмірі арқылы төлеу үшін:

  • Avtobys мобильді қосымшасында «Борт нөмірі» бөліміне өтіңіз;
  • Автобустағы QR-код жапсырмасының үстінде немесе валидаторында көрсетілген нөмірді енгізіңіз;
  • Төлем жасау тәсілін таңдаңыз;
  • Төлемді растаңыз.

Бұл жерде төлем Avtobys қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген болса) алынады.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Осылайша, елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны көлік картасымен, QR-код сканерлеу, «Avtobys» мобильді қосымшасында Bluetooth және автобустың борт нөмірін енгізу арқылы екінші деңгейлі банктердің картасымен төлеуге мүмкіндік ашылып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама