Бұл фактіні арнайы прокурорлар анықтады
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК-нің бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған. Бұл фактіні арнайы прокурорлар анықтап, тергеп-тексерілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.