Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында 100 млн теңге жымқырған мемлекеттік кәсіпорынның директоры сотталды

Бұл фактіні арнайы прокурорлар анықтады

 Динара Амантай 22.02.2024 | 09:46
Жетісу облысында 100 млн теңге жымқырған мемлекеттік кәсіпорынның директоры сотталды
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК-нің бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған. Бұл фактіні арнайы прокурорлар анықтап, тергеп-тексерілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама