Оларға тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау да көрсетіліп келеді
Биыл 300 мыңға жуық колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өседі, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Былтыр қыркүйек айында 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы артқан. Биыл жаңа оқу жылынан бастап оның көлемі тағы 50 пайызға өсіп, шәкіртақының ұлғайтылған көлемін алатын студенттердің саны 300 мыңға жетеді.
Сонда орта буын мамандықтарының студенттері 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі, - дейді министрлік мамандары.
Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Айта кетсек, бүгінде Қазақстандағы колледждерде барлығы 542 мың студент білім алып жатыр. Олардың 344 мыңы тегін оқиды.