Ол Artsport бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын жымқырған
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-нің бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тергеу деректері бойынша, күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Бұл қаражатты БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы Artsport бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге «Ақжайық ФК» ЖШС-не бөлген. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды, – делінген Антикор хабарламасында.
Қазір қалған адамдардың қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп, жымқырудың қосымша эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.