Бұл жерде айлық жалақының деңгейі туралы ойлану керек шығар, - деді депутат
Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мүгедектердің өмір сүру құны мен жәрдемақыларына ұсынылып отырған өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Бұл ретте депутат қазір Қазақстанда ең төменгі жалақы (МВТ) көрсеткішіне көп көңіл бөлінетінін алға тартты.
Біз ең төменгі күнкөріс деңгейі мәселесін көтергіміз келеді. Көптеген төлем айлық жалақыға байланысты. Сондықтан бұл жерде айлық жалақының деңгейі туралы ойлану керек шығар. Мүгедектік бойынша және басқа да қорғалатын санаттағы азаматтарға арналған жәрдемақыға қатысты. Әңгіме I, II және III топтағы мүгедектер туралы болып отыр. Бұл жерде, әрине, I топтағы мүгедекке берілетін 90 мың теңге бүгінде мүлде жеткіліксіз, - деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ ол ең төменгі жалақы мөлшері экономикалық өсім мен бюджет кірісіне байланысты болатынын атап өтті.