×

Астанада ақша жымқырған балабақша директоры сотталды

Мемлекетке 8,5 млн теңгеден астам шығын келтірілген

 Динара Амантай 12.02.2024 | 15:57
Фото: burobiz.ru

Елордада бюджет қаражатын жымқырғаны үшін балабақша директоры сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы ауданының прокуратурасы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде елорда балабақшаларының біріне тексеру жүргізу барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтаған.

2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 8,5 млн теңгеден астам шығын келтірілген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Кінәлі азамат 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама