Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында аудандық білім бөлімі 26 млн теңгені ысырап етпек болған

Антикор еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына талдау жүргізді

 Динара Амантай 10.02.2024 | 17:02
Жамбыл облысында аудандық білім бөлімі 26 млн теңгені ысырап етпек болған
Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында аудандық білім бөлімі 26 млн теңгені ысырап етпек болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикор еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген талдау барысында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» КММ тарапынан оқу кабинетін жабдықтау бойынша жарияланған конкурстың бағасы жоғары екенін анықтаған.

Талдау барысында білім беру мекемелеріндегі ұлдарға және қыздарға арналған физика, биология, химия сияқты оқу кабинеттерін материалдық-техникалық жабдықтауға бюджеттен 367 млн теңге бөлінген, ал орташа баға – 340-345 млн теңге арасы, – делінген Антикор хабарламасында.

Тексеру қорытындысы бойынша аталған мекемеге тиісті хат жолданып, конкурстың бағасы қайта қаралды. Нәтижесінде 341 млн теңге бөлініп, 26 млн теңге көлемінде бюджет қаржысы үнемделді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама