×

Жетісу облысының тұрғыны қожалық басшысын бопсалаған

Ол Қаратал ауданында тұратын болып шықты

 Еркеғали Болатұлы 11.02.2024 | 11:51
фото: Жетісу облысының ПД

Жетісу облысында шаруа қожалығының басшысынан ақша бопсалаған адам ұсталды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысын бопсалады деген күдікке ілінген Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.

Жедел уәкілдердің айтуынша, ол шаруа қожалығының басшысын қорқытып, 1 миллион теңге бопсалаған.

Қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды, - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Аслан Абылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама