Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында әкімдіктер 11 млрд теңгені жөнсіз ысырап етпек болған

Мемлекеттік органдардың 6 лауазымды адамы жауапқа тартылды

 Динара Амантай 08.02.2024 | 16:01
Жамбыл облысында әкімдіктер 11 млрд теңгені жөнсіз ысырап етпек болған
Фото: Halyq Uni

Прокурорлар жергілікті атқарушы органдардың бюджеттің шығыс бөлігін растайтын құжаттарсыз шығындарды енгізу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қордай ауданының әкімдігі мемлекеттік сараптаманың қорытындысынсыз мектептердің бірінің ғимаратын 756 млн теңгеге күрделі жөндеуді жоспарлаған. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша өңір бюджетінің шығыс бөлігінен 11 млрд теңгеге расталмаған шығындар алынып тасталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ облыс прокуратурасы бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілерге лицензиялар бойынша қажетсіз жоғары талаптар қойған 12 млрд теңгеге заңсыз сатып алулардың күшін жойды.

Заңдылықты бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 6 лауазымды адамы жауапқа тартылды. Оның ішінде 1 адам конкурстық құжаттамада заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілегені үшін 461 мың теңге айыппұл арқалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама