×

Қарағанды облысында мектеп әкімшілігі дизель отынын қымбатқа сатып алмақ болған

Антикор ерктілерімен 48 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

 Динара Амантай 07.02.2024 | 14:14
Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында жазғы дизель отынын сатып алу бағасын негізсіз көтеру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шахтинск қаласы мектептерінің бірі жазғы дизель отынының 1 литрін 401,78 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Жалпы көлемі 23 млн теңгеге 57 мың 938 литр көлемінде жағармай алу көзделген. Антикор еріктілерімен жағармай литрінің орташа бағасы 288-295 теңгені қамтығаны анықталды.

Департаменттің араласуынан кейін тапсырыс беруші бағаны 288,29 теңгеге, ал жалпы жағармайдың көлемін 49 мың литрге түсірді. Нәтижесінде тапсырыстың бағасы 14 млн теңгеге төмендеді. Осылайша, 9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, – делінген Антикор хабарламасында.

Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен 48 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама