Мемлекеттік кірістер комитетіне ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка қоюшының жеке табыс салығы да ұсынылады
Қаржы министрлігі нормативтік құқықтық актілер порталында букмекерлік кеңселер Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ақпараттық жүйесіне өз тұтынушылары туралы күнделікті есеп беруге міндетті болатын ереже жобасын ұсынды.
Құжатта атап өтілгендей, ақпарат ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық және бағдарламалық жүйелерін МКК жүйесімен біріктіру арқылы берілетін болады.
Құмар ойындары нарығының қатысушылары туралы мындай ақпараттар белгілі болуы керек:
Бұдан басқа, Мемлекеттік кірістер комитетіне ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка қоюшының жеке табыс салығы есептелген сомасы, сондай-ақ бәс тігушінің жеке ойын шотындағы қалдық сомасы ұсынылуға тиіс.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Құжатты қоғамдық талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.