Алматыда 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған әкімдік қызметкері мен кәсіпкер сотталды
Кінәлілер 7 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Мемлекет жыл сайын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына – мектептер мен ауруханалар салуға, жолдар мен әлеуметтік мекемелерді жөндеуге миллиондаған қаражат бөледі.
Алайда, кей кәсіпкерлер бюджет қаражатын өз пайдасына жұмсауды жүзеге асырып келеді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ абаттандыру бөлімінің басшысы мен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Мердігер «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС мен Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі арасында 71 млн теңгеден астам сомаға «Бас Қарасу» өзенінің арнасын қайта жаңартуға шарт жасалғаны анықталды.
Алайда, ЖШС басшысы 2019 жылдың тамызынан қыркүйекке дейін аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасының көмегі арқасында орындалған жұмыс актілеріне көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру әрекеттері жасалды.
Бөлім басшысы К.Воропаев пен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысы Е. Исаев 7 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.