×

ШҚО-да білім беру орталығы интернет қызметін 100 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Мұндай қызметтің нарықтық бағасы – шамамен 3-5 млн теңге

 Динара Амантай 01.02.2024 | 15:54
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі еріктілерінің қатысуымен 300 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олар мемлекеттік сатып алу сайтын мониторингілеу барысында «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік білім беру орталығы» КММ 2024 жылға мекемеге интернет қызметін ұсыну бойынша 303,5 млн теңге сомасына конкурс жариялағанын анықтады. Мұндай қызметтің нарықтық бағасы – шамамен 3-5 млн теңге.

ШҚО білім басқармасына ұсынымхат жолданды, сатып алу қайта қаралды. Департамент қабылдаған шаралардың нәтижелері бойынша сатып алуға жоспарланған қызметтің құны 3 млн теңгеге дейін төмендетілді, – делінген Антикор хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама