Halyq Uni логотип
×

«Ұлттық қор – балаларға»: биыл 18 жасқа толғандар 100 долларын шешіп ала алады

Бұған дейін шамамен 150-160 доллар түсетіні айтылған

 Дәурен Ерболат 01.02.2024 | 10:36
«Ұлттық қор – балаларға»: биыл 18 жасқа толғандар 100 долларын шешіп ала алады
фото: Halyq Uni

Биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа толған қазақстандықтарға 100 доллар түседі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенат кулуарында министрдің орынбасарына «Бұған дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа толғандарға 150-160 доллар түсетіні айтылған еді. Неге бұл сома өзгерді?» деген сұрақ қойылды.

Дәурен Темірбеков биыл 18 жасқа толғандарға 100 доллар түсетінін атап өтті.

2022 жылғы 1 қарашада президент (бұл бастаманы) көтеріп, тапсырма берді. Сол кездегі есептеуге сәйкес, еліміздегі балалардың саны 6 млн 400 мың болатын. Бүгінде олардың саны – 6 млн 917 мың. Көрдіңіз бе? Сол есептеуге сәйкес, бүгінде бөлініп жатқан қаражаттың сомасы – 695 млн доллар. Осы соманы 6 млн 919 мың 131 балаға бөлсек, сонда 100 доллар 51 цент шығады, - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама