Оны ерлерге қарағанда көбіне әйелдер рәсімдеген
Сарапшылар 2023 жылғы жағдай бойынша қазақстандық ипотекалық несие алушының портретін құрастырды. Нәтижесінде астаналық және алматылық 31-40 жас аралығындағы әйелдердің жиі ипотека алатыны анықталды.
Жалпы, былтыр елімізде ипотекаға деген сұраныс айтарлықтай төмендеген. Жаңа несиелер саны бір жылда 19,2 пайыз, ал жалпы несиелер сомасы 17,3 пайыз азайды. Бір жыл ішінде 1,76 трлн теңгеге 116,6 мың тұрғынға үй несиесі берілген.
Data Hub Telegram арнасының сарапшылары 2023 жылы кімнің көп ипотека алғанын анықтады. Бір жыл ішінде 111,7 мың қазақстандық ипотека рәсімдеген. Көбіне тұрғын үй несиелері Астана (жалпы рәсімделген ипотека көрсеткішінің 20 пайызы) мен Алматы (15 пайызы) тұрғындарына берілді.
Орташа есеппен ипотека иелері 15,7 млн теңге несие алған. Алайда кей қалада рәсімделген несиелердің орташа сомасы тіпті жоғары болған. Мысалы, Алматыда – 20,7 млн теңге, Астанада – 18,4 млн теңге.
Тұрғын үйді ипотекаға ерлерге қарағанда көбіне әйелдер сатып алған. Ипотека рәсімдеген әйелдер саны – 54 пайыз, ер адамдар саны – 46 пайыз. Бірақ қарыз алушылардың ішінде ипотеканы рәсімдегендердің басым бөлігі – 31-ден 40 жасқа дейінгі азаматтар. Бұл жас аралығындағы адамдардың барлық рәсімделген несие көрсеткіші – 39 пайыз.
Ал өзге санаттарға қарағанда, ерекшеленген қарыз алушының 51-60 жас аралығындағы ер адамдар екені белгілі болды. Бұл жас аралығындағы ер адамдар жалпы 2,1 миллиард теңгеге ипотека рәсімдеген. Бұл – өткен жылғы тұрғын үй несиесі бойынша ең жоғары сомаға тең.
Қазақстанда бірнеше себеппен ипотекаға деген сұраныс төмендеуі мүмкін. Соның ішіне тұрғын үй бағасының артуы, сондай-ақ тіпті әлемдік стандарттардан тыс несие бойынша пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылауы кіреді.