Прокуратура бюджет қаражатын орынсыз жұмсауға жол бермеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында қызметті сатып алу бағасын негізсіз көтеру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақсуат аудандық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әр шаршы метр үшін 7 мың теңге төлей отырып, алаңы 600 шаршы метр болатын үй-жайды бір жыл мерзімге 50,4 млн теңгеге жалға алмақ болған.
Еріктілер аталған аудандағы осындай үй-жайларды жалдаудың орташа құны 3 мың теңге шамасында екенін анықтады.
Департамент араласқаннан кейін сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіліп, жалға алу құны 3,3 мың теңгеге дейін төмендетіліп, 22,4 млн теңге бюджет қаражатын орынсыз жұмсауға жол берілген жоқ, – делінген прокуратура хабарламасында.