Біреуінің өзі өңірдің дамуына жалпы сомасы 9 млн теңгені аудармаған
Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге құқығы бар)
Берешектің жалпы сомасы 400 млн теңгеден асты, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Мысалы, жер қойнауын пайдаланушы «Д.А.Б.» жүйелі түрде 4 жыл бойы (2019-2022 жж.) Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жалпы сомасы 9 млн теңге аударымын жүргізбеген.
Осыған ұқсас фактілер іс жүзінде барлық жер қойнауын пайдаланушыларда анықталды, - делінген прокуратура хабарламасында.
Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларымен мемлекет кірісіне 50 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, 7 жер қойнауын пайдаланушының кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялары қайтарып алынды.
Берешекті өндіріп алу жұмыстары сот тәртібі бойынша жалғасып жатыр.