Орталық директорына айыппұл салынды
Маңғыстау облысының прокуратурасы медициналық орталықтың жұмысшыларына еңбекақы бойынша берешек өндірілгенін мәлімдеді.
Қадағалау жүргізу барысында Ақтау қаласындағы медициналық орталығының ұзақ уақыт бойы еңбек инспекцияның жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды.
Осы негізде облыс прокуратурасы 2023 жылдың 8 айында жиналған 33 жұмысшыға жалақы бойынша 7 млн теңге берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады, - деп хабарлады ведомство.
Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары болатынын ескертті.