Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында ауруханадан 760 млн теңгеге жуық қаржы жымқырылған

Бас дәрігердің орынбасары мен бұрынғы бас есепші қамауға алынды

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2024 | 14:14
Жамбыл облысында ауруханадан 760 млн теңгеге жуық қаржы жымқырылған
фото: Halyq Uni

Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов 24 қаңтарда өткен апталық брифингте Жамбыл облысындағы қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары мен бұрынғы бас есепшісіне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Залал сомасы 758 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдіктілер – аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама