Halyq Uni логотип
×

Алаяққа алданған ақтаулықтар президенттен көмек сұрады

Олар 3 млрд теңге шығынға батқан

 Дәурен Ерболат 22.01.2024 | 16:34
Алаяққа алданған ақтаулықтар президенттен көмек сұрады
Скрин видео

Ақтауда алаяққа алданып қалған 200-ден аса тұрғын облыс әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тұрғындар мемлекет басшысынан көмек сұрады.

Үндеуімізді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаймыз. Біз – Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 231 тұрғыны осыдан 3 жыл бұрын, 2021 жылы Қайрат Сүлейменовке алдандық. Салдарынан 3 млрд теңге шығынға баттық, - деді тұрғындар.

Олар кімге алданғанын нақты айтып берді.

Қайрат Сүлейменов қасындағы адамдарды пайдаланып, біздің сенімімізге кіріп, алаяқтығын іске асырды. Ол әлі күнге дейін бостандықта жүр. Қазір ол осы ісін басқа қалаларда жүргізіп, халықты алдап жүр. Оған дәлел, 2023 жылғы шілдеде Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында 30-40-қа жуық адам Қайрат Сүлейменовке тағы алданды, - деді халық.

Ақтау тұрғындары мәселені президент жеке бақылауына алса деген пікірде.

«Енді біздің сізге айтарымыз, неге халық алаяқтарға алданып, оларды бостандықта жүргізіп қоямыз? Елімізде оларды дер кезінде ұстап, жазалауға күшіміз жетпей ме? Осы іске жауапты мамандар неге өз жұмысына немқұрайлы қарайды? Сайлау кезінде дауыс сұрап жүгірген депутаттар неге халықты алдап жатқан алаяқтарға шара қолданбайды?

Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден Қазақстанда болып жатқан алаяқтық істерді қадағалап, оларға қатаң жаза қолданып, жағдайды өз бақылауыңызға алуды сұраймыз! - деді тұрғындар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама