Компаниялар сатып алу шарты бойынша ерекше талаптарды бұзған
Атырау облыстық прокуратурасы Joint Technologies ЖШС-дан «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндірді.
Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін Парк сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұған дейін прокурорлар тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлікті мемлекетке қайтарған болатын.