Полицейлер 26 жастағы әйелді ақша алып жатқан жерінен ұстаған
Өскемен қаласының полицейлері жергілікті тұрғыннан 6 млн теңге бопсалаған әйелді қолға түсірді.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 26 жастағы әйелді ақша алып жатқан жерінен ұстаған.
Белгілі болғандай, әйел жәбірленушімен бұрын таныс болған. Оны жеке басына қатысты ақпаратты таратамын деп қорқытып, 6 миллион теңге талап еткен. Ер адам полицияға жүгінді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері бопсалаушыны қолға түсірді, - делінген ақпаратта.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.