Елордада жеке сот орындаушылары мүгедектігі бар адамдардың шотын бұғаттаған

Халық үні

27 азамат шотындағы қаражатқа қол жеткізді

Фото: Halyq Uni

Астанада сот отырдаушылары мүгедектігі бар 27 азаматтың банк шотын бұғаттаған. Алайда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға сәйкес әлеуметтік жәрдемақы алушылардың банктегі шоттарына тыйым салынбауға тиіс.

Астана қаласының прокуратурасының қадағалау актісі негізінде 500 мың теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттары ашылды.

Осылайша 27 азамат шотындағы 1,2 млн теңгені ала алды.

Қазір қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.