Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында судья пара алып жатқан жерінде ұсталды

Күдіктіге ешқандай процессуалдық мәжбүрлеу қолданылмаған

 Еркеғали Болатұлы 17.01.2024 | 17:17
Атырау облысында судья пара алып жатқан жерінде ұсталды
фото: Halyq Uni

Атырау облысында Махамбет аудандық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.

Атырау облысында судьяның алаяқтық әрекеттеріне қатысты материал 10 қаңтарда тіркелген.

2024 жылдың 15 қаңтарында ҚМД-ның облыстағы қызметкерлері сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, судьяны 2,5 миллион теңге алып жатқан жерінде ұстады, - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Күдіктіге ешқандай процессуалдық мәжбүрлеу қолданылмаған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама