Бұған дейін Тоқаев жеке кіріс салығын қарастыру жайлы тапсырма берген еді
Қазақстанда жеке табыс салығына (ЖТС) прогрессивті шкала енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Айта кетейік, қазір қазақстандықтар табысына 10 пайыз салық төлейді. Министрдің айтуынша, сарапшылар бұл мәселені талдап, талқыға салған.
Бұл мәселе көптеген жыл бойы талқыланып келеді. Бірақ жүргізілген талдау ЖТС прогрессивті шкаласын енгізу күтілетін нәтиже бермеуі мүмкін екенін көрсетті. Прогрессивті ЖТС әдемі естіледі. Бірақ оны қосымша пысықтау қажет. Бір мәселе бар: оны жай ғана енгізу мүмкін емес. Себебі біреуге 20%, біреуге 5% немесе 0%. Ал 10% шкала тең болып саналады. Шын мәнінде, бұл көзқарастың бәріне бірдей екенін көрсетеді, - деді Қуантыров мәжіліс кулуарында.
Бұған қоса ведомство басшысы «жаңа салық шкаласы енгізілсе, халықтың кейбір тобының наразылығын тудыруы мүмкін» деген пікірде. Мысал ретінде кәсіпкерлікпен айналысатын орта таптағы адамды келтірді.
«Адамдарда «мен көп жұмыс істедім, неге салықты көп төлеуім керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бәлкім айтуға жақсы шығар, бірақ іс жүзінде біз күткен нәтижеге қол жеткізе алмауымыз мүмкін. Сол сияқты тиімсіз болуы мүмкін. Егер біз осындай салық енгізсек, адамдар капиталды экспорттай бастайды және кірістерін жасырады деген қауіп бар. Мұндай тәуекелдерді жоққа шығара алмаймыз»,- деп қосты ол.
Атап өтсек, 2020 жылы президент Қазақстанда жеке кіріс салығын қарастыру туралы тапсырма берген болатын.
«Әлеуметтік әділдік үшін жалақы мен басқа да кіріс түрлеріне қатысты жеке кіріс салығының үдемелі өлшемін енгізу мәселесін пысықтайтын уақыт жетті. Үдемелі өлшемге сәйкес, жалақысы төмен азаматтар салықты қазіргіден аз төлейді. Ал еңбекақысы жоғары қызметкерлердің төлейтін салығы артады», - деді президент.