×

Қостанайда кафеден жасырын казино анықталды

Покер клубының ұйымдастырушылары бас бостандығынан айырылды

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2022 | 10:07
фото: ашық дереккөзден

Қостанай қаласындағы кафелердің бірінен астыртын казино әшкереленді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

«Қостанай облысындағы ҚМА аумақтық департаменті қала кафелерінің бірінен заңсыз жұмыс істеген покер клубын анықтады. Ойын ойнайтын орын болып қайта жабдықталған кафеден Poker ойнына арналған арнайы үстел, фишкалар, карталар мен ақша табылып, тәркіленді», – дейді агенттік.

Сот үкімімен жасырын покер клубының ұйымдастырушылары және сыбайластары кінәлі деп табылды. Оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал алынған заттай дәлелдемелер жойылды.

Қарағандыда покер ойынын заңсыз ұйымдастырған азамат сотталды. Құмар ойынға әуес бір қазақстандықтың орташа қарызы 10 млн теңге - депутат. 36 млн теңге салық төлемеген: Қапшағайда заңсыз ойын бизнесі әшкереленді. Елімізде 700-ге жуық ақпарат ресурсына шектеу қойылды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама