Биыл мамандарға ауылдан үй алып беруге 30 млрд теңге бөлінеді
Қаржының тиімді игерілуі бақылауда болады
2024 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға ауылдан үй алып беруге 30 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 500 ауылда 178,9 млрд теңгеге 1400 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2024 жылы «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша 3,7 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджет есебінен несие беруге 30 млрд теңге қарастырылған.
Сонымен қатар биыл моно және шағын қалаларды дамыту үшін 8 моно және 9 шағын қалада 29 жобаны іске асыруға 21,2 млрд теңге қарастарылды.
Ведомство осы жылы Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, сондай-ақ Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру жөніндегі заң жобалары әзірленетінін атап өтті.
Бұған дейін ауылда үй салғысы келетін жұмыс берушілерге субсидия берілетіні хабарланған еді.