Алматыда аграрлық университетте ақша жымқырылған
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Келтірілген шығын – 43,8 млн теңге. Тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.
Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.